21 сәуірде физика-математика лицейінің базасында 8-10 сынып оқушыларына арналған республикалық зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Біздің мектеп оқушылары қазылар алқасына “Физика”, “Орыс тілі”, “Орыс әдебиеті”, “Ағылшын тілі”, “Этномәдениеттану”, “Биология”, “Өлкетану”секцияларында 9 жобаны ұсынып, белсенді қатысты. 5 жұмыс жүлделі орындарға ие болды және облыстық кезеңге қатысуға ұсынылды.
Ивойлова Дарья - “Физика” секциясында 1 орын, жетекшісі Мякишева Е. Ю.,
Василенко Савелий - “Орыс әдебиеті” секциясында 1 орын, жетекшілері Бондарь Р. Р., Тайжанова Д. Ж.
Хитрина София - “Ағылшын тілі” секциясында 3 орын, жетекшісі Надопта О.В.
Хасенова Эльнара - “Биология” секциясында 3 орын, жетекшісі Абильмажинова И.А.
Шалапина Алёна, Колесник Максим - “Этномәдениеттану” секциясында 3 орын, жетекшілері Нурина А. К., Давлетова В. И.
Барлық қатысушыларды, жеңімпаздарды және олардың басшыларын конкурста табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және облыстық кезеңде жеңіс тілейміз!
- Басты бет
- /
- Республикалық зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындылары
Республикалық зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындылары
